Жер бетіндегі барлық мешіт – Аллаға ғана ғибадат жасалатын қасиетті орын. Алла Тағала Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және барша мұсылмандарға таза ниетпен, шынайы ықыласпен Өзiне жалбарынуды бұйырған.
Осыған орай, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Әл-Хафиз» мешітінде аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Әнебеков жұма намазын өткізді.
Жұма уағызында имам жамағаттың ауызбіршілігі мен ынтымағының маңызын атап өтіп, мұсылмандардың бірлігінде үлкен күш барын және оның қоғамға тигізер игі әсерін түсіндірді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әлеміміз бейбіт болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

