Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев "Иман негіздері" дәрістерін үйретуде. Ауыл жайланған ақшам мезгілінде мешітке келушілердің қарасы көбірек. Өйткені күндіз күнкөріс тіршілігімен шапқылайды.
Аптаның әр күніне дәрістер кестесін орналастырып, жүйелі жолымен жамағатқа үйретіп келеді. Соның ішінде "Иман негіздері" дәрістері жамағатқа қызығушылық тудырып, көкейдегі көптеген сұрақтарына жауап алып жүр. Мешіттің мұндай шараларының пайдасы ауылды ауызбіршілікте ұстауға, бір- біріне қамқор болып, көмектесуге септігін тигізуде.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


01 Қараша 2025
10 Джумада-авваль 1447

