Бірлесу-Еңбек ауылы, "Бірлесу-Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбеков мешітке жиналған жамағатқа "Ажырасу Алла сүймейтін іс" тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Молда: "Ажырасудың қоғамға тигізер зияны өте көп. Ол тек екі адамның сөзі жараспағаны үшін екі жаққа кету ғана емес, ортадағы ұрпақтың психологиясына, тәрбиесіне, тіпті болашағына зиян тигізу екенін ұмытпау керек. Осындай сәтті пайдаланған шайтан көңілін мұң басып, жарынан ажырасқан жанның жүрегін алдамшы нәрсемен басу үшін алдымен құмар-ойындарға қызықтырып, кейін арақ-шарап сынды неше түрлі масайрататын, ақылынан адастыратын күнәлі амалдарға итермелейді. Нәтижесінде бір отбасы ғана емес, тұтастай қоғам зардап шегеді" деп түсіндірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


02 Қараша 2025
11 Джумада-авваль 1447

