Бесағаш ауылы, "Бесағаш" мешітінде аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Құттыбаев мешітке жиналған жамағатқа "Дін мен дәстүрдің байланысы" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Ислам діні әлемдік дін болғандықтан ол адамзат қауымына ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отыра ізгілік жолымен жүруді насихаттайды. Ардақты Пайғамбарымыз да (с. а. у.) араб халқының Исламға дейінгі дәуірдегі шариғатқа қайшы келмеген әдет-ғұрыптарының сол қалпында қолданылуына тыйым салған жоқ. Ендеше, дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет.
Бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәдениетімізді ұлағаттаған, ата-бабалар қалдырған ұлы аманатты сақтаған боламыз" деп сөзін түйіндеді аудандық бас имам.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



02 Қараша 2025
11 Джумада-авваль 1447

