Бірлесу-Еңбек ауылы, "Бірлесу-Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбеков мешітке келген жамағатқа "Дін - тұрақтылық кепілі" тақырыбында насихат айтты.
Насихаттау барысында жамағатқа мемлекеттіміздің дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен зайырлылық ұстанымдары туралы түсіндірілді. Сондай-ақ ата-бабаларымыздың ұстанып келген дәстүрлі дінімізді әрбір мұсылман азаматы білуі міндет екенін және деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтірер зияндары мен қазақ халқының құндылықтары мен мемлекетіміздің басқарылу жүйесіне қарсы екендіктері туралы ескертілді.
Насихаттау соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, еліміз аман, жұртымыздың тыныштығын тілеп, ақсақалдар бата беріп, насихатты аяқтады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі