Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа "Тақуалық - дін тірегі" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Тақуалық- адамның діни, адамгершілік, әдептілік парыздары мен міндеттеріне адалдығын сипаттайтын имандылық қасиеті.
Әбу Хурайра (р.а) айтады: Пайғамбарымыздан (с.а.у.) көбірек жәннатқа кіргізетін амал жайында сұралғанда: «Тақуалық және көркем мінез» - деп жауап берген. Көркем сөйлеу, адамдармен жақсы қарым - қатынаста болу, адамдарға сабырлы болып, оларға жәрдем беру сияқты ұнамды болған мінез - құлықтар Исламда тақуалықтың сипаты болып табылады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі