Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа "Уақып - сарқылмас байлық" тақырыбында түсіндірме жұмысында: "Уақып – ол зекет емес.
Оның зекеттен айырмашылығы зекет – парыз, ал уақып – парыз емес, сүннет амал. Зекетте нисап мөлшері бар. Ал уақыптың белгілі бір мөлшері жоқ. Зекет жылына бір рет берілсе, уақыптың мерзімі бекітілмеген. Адамның өз еркіндегі нәрсе болғандықтан, адам өзі қалағанынша уақып етеді.
Зекетке берілетін ақшаны айналымға сала алмайсыз, бірден 8 топтағы адамға таратып беруіңіз керек болады. Ал, уақыпта қаржыны айналымға салуға болады" деп уақыптың шариғаттағы орнын баса айшықтап берді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі