ЖАМБЫЛ: ӨРНЕКТЕ ДІН МЕН ДӘСТҮР КӨРКЕМ СӨЗБЕН ӨРНЕКТЕЛДІ

ЖАМБЫЛ: ӨРНЕКТЕ ДІН МЕН ДӘСТҮР КӨРКЕМ СӨЗБЕН ӨРНЕКТЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев "Өрнек" ауылдық мешітінде "Дін мен дәстүр егіз ұғым" тақырыбында уағыз- насихат жұмысын жүргізді. Қысқаша айтқанда наиб имам:"Ислам дінінің асыл құндылықтарымен біте қайнасқан қазақ халқының салт-дәстүрлері қашанда ұлтты ұйыстырып, халықты ынтымағымен баурап келеді.

Талай ғасыр қорғандарын бұзып шығып, біршама ұрпаққа көркем мінез бен тағылымды тәрбие сыйлаған дін мен дәстүр өзара сабақтасып, бүгінде толық адам жасайтын руханияттың көзі ретінде үлкен маңызға ие болды. Өйткені, кешегі ата-бабаларымыздың жүріп өткен сара жолы мен қалыптастырған қалыбы– халқымыздың  салт-дәстүрлері  болса, халық қамын қарастырған  әдеп-ибадан басталатын әдет-ғұрыптарының  Ислам дінімен біте қайнасқан. Мәселен, «тасаттық», «бесік құда», «қарсы құда», «сүйек жаңғырту», «қалыңдық алып қашу» сынды дәстүрлер ел арасында кең тараған.

Ислам діні енгеннен кейін бұл әдет-ғұрыптар  жойылып кетпей, шариғат қағидаларымен жанданып, әрі қарай үйлесім тапты. Себебі, ханафи мәзһабының негізін қалаған имам  Әбу Ханифа халықтың әдет-ғұрпына ерекше мән беріп, оларды ескергенін көруге болады. Сондықтан бұл жол ата-бабаларымыз үшін қолайлы әрі үйлесімді болды" деп түсіндірді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: