Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев Қызылқайнар ауылы, "Бейсеу ата" мешітінде "Дүние - ақырет егістігі" тақырыбында насихат айтып, жұма намазын өткізді.
Қорыта келе, өмір – нығмет әрі қысқа ғана сынақ сапар. Сол сапарды қалай өткізуің мәңгілік бақытыңды анықтайды. Әр күннің, әрбір мезеттің құнын түсінген адам, өз жан-дүниесін, жүрегін жақсы амалға, ізгілікке толтырады. Өйткені өмірінің мәнін түсінбеген адам ақыретте ауыр өкінішке душар болады. Абай атамыз өзінің өлеңінде:
Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар бұл өмірде одан басқа? – деп, адамды сүйіп, Алланың хикметін сезу арқылы ғана өмірдің шынайы мәнін түсінуге болатындығын тілге тиек еткен. Өмірдің қызықтары уақытша ғана, оған алданып босқа құртқан уақытымыз ешқашан қайтып келмейді. Сол үшін әр сәтімізді мағыналы әрі шариғатқа сай өткізу әрбіріміздің басты мақсатымыз болуы тиіс екенін түсіндірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі