Гродиково ауылы, "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаевтың Құран сабақтары үздіксіз жалғасуда. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ауыл тұрғындары біршама мешітке үйір болып, қызығушылық танытып, Алланың кәламын оқып, үйренуге ұмтылуда. Дәріс барысында Малик ұстаз Құранның қасиеттілігіне басым назар аудара отырып, өзін мұсылман санаған әрбір жанның құрметпен үйреніп білуі тиіс екендігін түсіндіруде.
Ақшам дәрістерінен қалмауға тырысқан жамағат ұстаздың дәрісіне ден қойып жүр. Еліміздің болашағының рухани тірегі саналатын Алланың үйіндегі діни сауаттылық сабақтары бүгінде өз жемісін беріп жатыр. Осы орайда қоғамның тыныштығы мен ынтымағын сақтауға мешіт ұстаздарының да үлесі бар екендігін ескергеніміз жөн. Ауыл- аймақ аман, бауырымыз бүтін, еліміз бейбіт те тыныш болғай!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі