Жасөркен ауылы, "Тұрыс" мешітінің имамы Бауыржан Досмұхамедов мешітке келген жамағатқа "Дін және жастар" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда және құлықтық даму проблемасы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Осыған байланысты дінді гуманистік білім берудің ажырамас бөлігі ретінде зерттеу маңызды. Дін бұл шеңберде адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында мәдениеттің құрамдас бөлігі санатында қарастырылады. Сондықтан бұл тақырып мешіттеріміздің актуалды тақырыптарының бірі болып қала бермек.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі