Сәду Шәкіров ауылы. Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет мешіттегі дін мен дәстүр бұрышына арнайы кәсіби микрофон орнатып, қазіргі заман талабына сай жаңа жобаны қолға алды.
Бұл бастама имамның дауысының айқын және анық естілуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар дін мен дәстүр тақырыбында подкасттар түсіруге мүмкіндік береді. Жаңа микрофонның орнатылуы, ауыл тұрғындары мен жамағатқа рухани және мәдени құндылықтарды насихаттау үшін тың әрі заманауи тәсілдерді қолдануға жол ашады.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.