Меркі: «Атаның сөзі – ұрпақтың ізі»

Меркі: «Атаның сөзі – ұрпақтың ізі»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Атаның сөзі – ұрпақтың ізі» атты тағылымды кездесу мектеп оқушыларымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастарға ата-баба мұрасын дәріптеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды асыл қасиеттерді ұғындыру болды. 

Кездесуде ауыл имамы Молдашев Нұрбол мен ауыл ақсақалдары халқымыздың салт-дәстүрі мен өнегелі сөздерінің мән-маңызын түсіндіріп, жастарды имандылыққа, әдептілікке шақырды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тәлімдік әңгімелер айтылды. 

Шара соңында қатысушылар ата-бабадан қалған өсиетті сөздердің өмірлік маңызы зор екенін атап өтіп, ұрпақ сабақтастығын сақтау – баршамыздың міндетіміз екенін жеткізді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: