Мешіт ауласында көркейту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жамағаттың игілігі үшін мешіт ауласына кеспетас (брусчатка) төсеу жұмыстары басталды.
Аталған жұмыс – мешіттің сыртқы келбетін жақсартып, келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынды. Кеспетас (брусчатка) төсеу барысында аула тазалығы мен реттелуі басты назарға алынуда.
Жергілікті жамағат пен қайырымды азаматтар да бұл іске өз үлестерін қосуда. Мешіт ұжымы игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіреді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі