Аудандық Қаратау қажы би орталық мешітінде өткен аудандық имамдар жиналысы барысында "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы уақыптың мәні мен маңызы жайлы кең көлемді уағыз-насихат жүргізді.
Уағыз барысында ол уақыптың Исламдағы орны, оның қоғамға тигізер пайдасы мен сауабы туралы терең түсініктеме беріп, бұл игі істің шариғаттағы негіздерін жамағатқа кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, уақып арқылы жүзеге асатын қайырымдылық шаралары мен оның қазіргі заманғы маңызына да тоқталды.
Аудандық Қаратау қажы би Орталық мешітінің баспасөз қызметі.