Аудандық Қаратау қажы би орталық мешітінде өткен аудандық имамдар басқосуында "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы пәтуа сағатын өткізді.
Шара барысында ол еліміздегі діни мәселелерге қатысты қабылданған ресми пәтуаларға тоқталып, олардың шариғи негіздері мен қазіргі қоғамдағы өзектілігін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, пәтуа беру ісінің жауапкершілігі, діни басқарманың ұстанымдары және пәтуалардың бірізділігін сақтау жайында да кеңінен мәлімет берілді.
Асқарбек имамның бұл насихаты қатысушылар тарапынан ерекше ықыласпен қабылданып, бірқатар өзекті сауалдарға жауаптар берілді.
Аудандық Қаратау қажы би Орталық мешітінің баспасөз қызметі