Меркі: Мешіттерде қысқы дайындық пысықталды

Меркі: Мешіттерде қысқы дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты мешіттерде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді. Қыс айларында қауіпсіздік пен тиімді жылытуды қамтамасыз ету мақсатында барлық мешіттердің газ-пештері, қазандықтары мен жылы су жүйесі толықтай тексерістен өткізілді.

Тексеру барысында жылу жүйелерінің жағдайы, түтін тартқыш құбырлардың бүтіндігі мен газдың ақаусыз жұмыс істеуі қатаң қадағаланды.

Аудан бас имамының айтуынша, бұл шаралар – жамағаттың қауіпсіздігі мен мешіттерде тұрақты жылудың қамтамасыз етілуі үшін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: