Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Денсаулық – Алланың аманаты» атты танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – әйел жамағаты арасында салауатты өмір салтын насихаттап, денсаулықтың қадірін түсіндіру.
Семинар барысында дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыстың пайдасы, сондай-ақ дене мен рух тазалығының өзара байланысы жайында маңызды ойлар ортаға салынды. Қатысушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, Алланың берген аманатын қорғау қажеттігін терең ұғынды.
Жиын соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы шаралардың жиі өткізіліп тұруының маңызын атап өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.