#Шу: Ауданда бала психологиясына арналған ауқымды семинар өтті

#Шу: Ауданда бала психологиясына арналған ауқымды семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен аудан көлемінде бала психологиясына арналған семинар өтті. Іс-шараға аяулы аналар мен ақжаулықты әже-апалар және ұстаздар белсене қатысты.

Семинарда арнайы ҚМДБ ұстазы және бала психологы Қасымова Анара сөз сөйлеп, бала тәрбиесіне қатысты маңызды тақырыптарды қозғады. Білікті маман ата-аналардың баламен қарым-қатынасындағы жауапкершілік, мейірім мен түсіністіктің рөлі туралы кеңінен әңгімелеп, психологиялық және рухани тұрғыда құнды мәліметтермен бөлісті.

Қатысушылар семинардан ерекше әсер алып, өздерінің бала тәрбиесіне деген көзқарастарын қайта қарап, пайдалы білім мен тәжірибе жинады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: