Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде Құран оқуға ниет білдірген шәкірттердің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл қасиетті кітапқа деген сүйіспеншіліктің, сондай-ақ рухани ізденістің артқанын көрсетеді.
Соның нәтижесінде биыл мешітіміздің 10-ға жуық әйел-қыз шәкірті Құран кәрімді түпнұсқадан оқу дәрежесіне жетті. Бұл – ұстаздардың ерен еңбегі мен шәкірттердің табандылығының жемісі.
Мешіт ұжымы шәкірттердің жетістігін ерекше атап өтіп, алдағы уақытта Құранды толық жаттау және тәжуид ілімін тереңдету бағытында жұмыстар жалғасатынын тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.