Байзақ: ҚАРТТАР КҮНІНДЕ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

Байзақ: ҚАРТТАР КҮНІНДЕ СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1-қазан – Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахмат пен бильярдтан аудандық жарыс өтті. Жарысқа аудан имамдары да қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров пен ауданның бас имамы Қанат Жұмағұл ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, спорттық жарыста жеңіске жетулеріне тілек білдірді.

Екі спорт түріненде жарыс аса тартысты өтті. Аудандық Қоғамдық кеңес ғимаратында өткен шахмат жарысына 14 шахматшы қатысып, Бурыл ауылынан келген ардагер Анатолий Похоруков ешкімге дес бермей, бірінші орынды иемденді. Сарыкемерлік қария Аманкелді Оспанов екінші орынды иеленсе, мырзатайлық Сейітқазы Толымбеков үшінші орынды қанағат тұтты.

Аудандағы «Ержұма» бильярд орталығында өткен жарысқа 16 ардагер, қатысты. Нәтижесінде бильярдтан өткен жарыста Сарыкемер ауылынан қатысқан Әлмахан Исабаев барлық қарсыласын жеңіп, бірінші орынды иеленді. Ал Түймекенттік Абдулхат Абдуманан мен жетібайлық Серік Кенбаев екінші-үшінші орындарды бөлісті.

Жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесі мен спорт бөлімінің атынан диплом, медальдар, ал «Amanat» партиясы аудандық филиалы атынан бағалы сыйлықтыр табыс етілді.

Жарыстың өз дәрежесінде өтуіне аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы спорт жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Серік Кенбаевтың қосқан үлесі мол болды.

Бұл күнгі жарыстан жеңген де, жеңілген де ардагерлер риза болып қайтты. Ең бастысы олар мереке күні ауданның әрбір ауылдарынан келіп, бір-бірімен дидарласқандарына дән риза.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: