Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінде имамдардың қатысуымен ауыл тұрғындарына семинар өтті.
Семинар барысында «Дін мен дәстүр – халық қазынасы» тақырыбы талқыланып, діни рәсімдер мен күнделікті өмірде ысырапшылықтың алдын алу туралы айтқан Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы ұлттық құндылықтар мен діннің өзара сабақтастығы туралы маңызды пікірлерді атап өтті. Қоғамдағы бала тәрбиесі туралы да ой қозғалды.
Шараға ауыл имамдары, ақсақалдар, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Имамдар дін мен дәстүрдің бірлігі, ұрпақ тәрбиесіндегі имандылықтың рөлі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.