Шу ауданында мейірім мен қамқорлықтың мерекесіне айналған ерекше шара өтті. «Жылы-жүрекпен» атты мүгедек балаларға көмек көрсету іс-шарасы көптің көңілін жылытты.
Ізгі бастаманы «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы қолға алып, мешіт ұжымы ерекше балаларға қуаныш сыйлады. Шара барысында бүлдіршіндерге тәттілер, жеміс-жидектер мен түрлі ойыншықтар табысталды.
Айта кетейік, дін маманы өз сөзінде балалардың ойын бөлмесіне арнайы кілем және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілетіні қолға алынғаның жеткізді.
Мейірімге толы осы іс-шарада ата-аналар мен мекеме қызметкерлері мешіт ұжымына шын жүректен алғыстарын білдіріп, «Алла разы болсын» деген ақжарма тілектерін жаудырды. Бұл күн — тек сыйлық емес, жүректерді жақындастырған ізгілік пен адамгершілік мерекесі болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.