Шу ауданының Көктөбе ауылында орналасқан «Рақыш ата» мешітінде зерделеу жұмыстары жүргізілді.
«Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы мешіттің ішкі және сыртқы тіршілігімен танысып, құжаттардың дұрыстығын, бейнебақылау жүйесінің жұмысын, тазалық пен қысқы дайындық деңгейін бақылады.
Зерделеу барысында имам мешіт ұжымына жасалу қажет бірқатар жұмыстарды атап өтіп, тиісті ұсыныстар берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.