Шу ауданына қарасты Бөлтірік ауылында орналасқан «Бөлтірік шешен» мешітінде рухани нысандардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталған зерделеу шарасы өтті.
Сапар барысында «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы мешіттің жалпы жағдайымен танысып, діни әдебиеттер мен ресми құжаттардың толықтығын тексерді. Сонымен қатар, имам қыс маусымына дайындық аясында жылыту жүйесінің күйін бақылап, мешіт қызметкерлеріне тиісті нұсқаулар берді.
Зерделеу нәтижесінде имам мешіт ғимаратында жөндеу жұмыстарын қажет ететін бірнеше тұсты атап көрсетіп, кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.