Шу ауданының Балуан Шолақ ауылында орналасқан «Қойайдар баба» мешітінде «Төле би» мешітінің имамы Талған Кәрібайұлы қысқы дайындықты бақылау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы, бейнебақылау камераларының жұмыс істеу күйі, діни әдебиеттер қоры мен мешіттің ресми құжаттары тексерілді. Сондай-ақ қыс маусымына дайындық деңгейі қаралып, газ құбырларының қауіпсіздігі мен тиімділігіне назар аударылды.
Тексеру нәтижесінде имам мешіт ұжымының ұқыптылығын атап өтіп, жалпы жағдайға оң бағасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.