Қасиетті дініміздің тірегі — мешіттеріміздің жағдайын жақсарту бағытында Шу ауданында маңызды жұмыс атқарылды. «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы ауданға қарасты бірнеше мешітті аралап, олардың жалпы ахуалымен танысты.
Сапар барысында имам «Бірлік» мешітінің ішкі және сыртқы жағдайын жіті зерделеп, тазалық деңгейін, ресми құжаттардың дұрыстығын және қыс маусымына дайындық барысын қадағалады.
Имам мешіт ұжымына кейбір назар аударуды қажет ететін тұстарды атап өтіп, діни нысандардың көркеюі мен тәртіп сақталуы тілге тиек етті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.