Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы неке қидырып, үлкен өмірге қадам басқан жастарға отбасының құндылығы, некенің адалдығы тақырыбында насихат жасады. Қазіргі таңда үйлену де, ажырасу да көп орын алып жатқан уақытта, некеге жеңіл қарамастан, жауапкершілігін сезініп, отбасыны ойрандамай барынша сақтап қалуға шақырды.
Алла тағала Құран аятында: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен», - дейді. Осы аяттың мағынасы отбасы мүшелерінің ауызбіршілігі мен бір-біріне сүйіспеншілігі Алланың рахымының белгісі екенін білдіреді. Отбасымыз тыныш, ата-анамыз аман, ұрпағымыз салихалы болғай!
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі