Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы, Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, облыстық мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлпейісовтің қатысуымен Луговойда «Омар» атты жаңа мешіттің лентасы қиылды.
Сонымен қатар, жаңа мешіттің ашылуына ауылдың әкімі, ауыл ақсақалдары және тұрғындар қатысып, ашылу салтанатына куә болды. Облыс бас имамы мешіт салған Бауыржан және Бақытжан Кутекеевке алғыс айтып, алғыс хатпен марапаттады. Жаңа мешітке Бақытжан Қабылбеков имам болып тағайындалды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі