Меркі ауданы «Әл-Баақи» мешітінің имамы Абдрахманов Азамат пен мешіт жамағатының ұйымдастыруымен аудан жамағатына ақ-дастархан жайылды.
Игі шараның мақсаты, жамағат арасында ынтымақ-бірлікті нығайту, Мәуліт айында Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен өнеге алып, сүннет жолын ұстану.
Дастархан басында Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл сөз сөйлеп, Мәуліт айының қадір-қасиетін айтып, мұсылман адам әр кез даналық жолын ұстануы турасында атап өтті. Іс-шара барысында діни-сұрақтар қойылып, жамағаттың білімі шыңдалды
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі