РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл Алла Елшісі Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) турасында насихат айтты.
Меркі ауданындағы «Әл-Баақи» мешітінде Қанат Жұмағұл ұстаз жамағатқа Алла Елшісі Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туралы тағылымды уағыз айтты. Насихат барысында Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінез-құлқын үлгі етуге шақырды.
Сонымен қатар, Алланың соңғы Елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ретінде адамзатқа хақ дінді жеткізудегі сабырлығы мен мейірімділігін, қарапайымдылығы мен әділдігін тілге тиек етті. Жамағатқа Мұхаммед пайғамбардың сүннетін ұстану — мұсылмандық өмірдің негізгі бөлігі екенін еске салды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі