Меркі: Көңіл сұрау – сауапты амал

Меркі: Көңіл сұрау – сауапты амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген мақал бар. Мұсылман бауырының көңілін сұраған құлға, жетпіс мың періште дұға жасап күнәсінің жарылқануына тілеулес болады.

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мен Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл және жанашыр жандар сырқаттанып, арбаға танылған мешіт имамының үйіне арнайы барып, оның хал-жағдайын білді. Зиярат барысында имамдар ауырған жанға сабыр мен шипа тілеп,  дұға жасады.

Сондай-ақ, Сағынай имамға сыйлыққа аяқ жаттығуына арналған арнайы велотренажор және қаржылай көмек көрсетілді. Сағынай имам өзінің жағдайын сұрап келген жандарға алғысын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: