#ТАРАЗДА «ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

#ТАРАЗДА «ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘДЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында ұстаздар мен шәкірттерге арналған «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» атты семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты – әйелдің ақпараттық кеңістіктегі мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік желіні пайдалану әдебі мен жауапкершілігін түсіндіру болды.

Семинарды «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы жүргізді. Ол бүгінгі таңда әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратуда сақтық таныту, ар-намыс пен отбасы құндылығын қорғау, діни және этикалық шектеулерді сақтау туралы кең көлемде түсіндірме берді.

Сондай-ақ, ұстаз блогер жастарға әлеуметтік желіде жағымды контент қалыптастырудың, өз болмысын мұсылман әйеліне тән сыпайылық пен иба арқылы көрсетуінің маңыздылығын атап өтті. Шара барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Бұл рухани-ағартушылық кездесулер қоғамда әйелдердің мәдениеті мен имандылығын арттыруға, әлеуметтік ортада парасаттылық пен әдептілікті дәріптеуге бағытталды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: