«Ботбай баба» мешітінде діни сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттерге арнап дастархан жайылды. Шараның мақсаты – шәкірттердің ынтасын арттырып, бауырмалдық пен ауызбіршілікке тәрбиелеу болды.
Дастархан басында мешіт ұстазы шәкірттерге ізгі тілек білдіріп, білімнің қадір-қасиеті мен ілім үйренудің артықшылығы жайында насихат айтты. Сондай-ақ, шәкірттер өзара әңгімелесіп, рухани ортада жақсы көңіл күйде болды.
Іс-шара соңында шәкірттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Мұндай рухани кездесулер жастардың имандылыққа бет бұрып, мешітпен байланысын нығайтуға септігін тигізеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі