Меркі: «Берекет сыры» атты рухани мәуліт кеші өтті

Меркі: «Берекет сыры» атты рухани мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің ұйымдастыруымен Меркі Мәдениет үйінде «Берекет сыры» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Рухани кеш Қыдырәлі Әбубәкір қаридың қасиетті Құран Кәрімді оқуымен басталып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы дұға жасады.

Іс-шара барысында Асқар Зәкіржанұлы жиналған халыққа Ардақты Алла Елшісінің (Алланы салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шертіп, мәуліт мәрекесінің қадір-қасиеті мен пайдасы жайында насихат айтып, дінге үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады.

Мәуліт рухани кешінде  Алла Елшісіне (Алланың слауаты мен сәлемі болсын) арналған әндер мен термелер орындалып, Шымкент жастар театрының өнерпаздары дініміз бен дәстүрімізді ұштастыра отырып әсерлі сахналық қойылымдар қойды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: