#Шу: «Бірлікүстем» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

#Шу: «Бірлікүстем» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бірлікүстем» мешітінде игілікті іс жалғасын тауып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгі ниетті үш бауыр үш бас қой сойып, ауылдағы аз қамтылған 9 отбасыға үлестірді.

Бұл шара мұсылман қауымына тән бауырмалдық пен мейірімділіктің жарқын көрінісіне айналды. Жиналған жамағат Алла разылығы үшін атқарылған амалды қуана қабылдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Іс-шараға жұмсалған жалпы қаржы көлемі 210 000 теңгені құрады. Осындай қайырымдылық істері ауыл бірлігін нығайтып, қоғамдағы рухани татулық пен сүйіспеншілікті арттыра түсері сөзсіз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: