#Шу: «Жылғабек» мешітінде Қарттар күніне арналған ізгі шара өтті

#Шу: «Жылғабек» мешітінде Қарттар күніне арналған ізгі шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарттар күні қарсаңында «Жылғабек» мешітінде игі дәстүрге айналған қайырымдылық дастарханы жайылды. Ізгі шара аясында бір бас қой сойылып, жиналған қарияларға сый-құрмет көрсетілді.

Мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары ата-бабамыздың асыл дәстүрі — үлкенді құрметтеу мен қамқорлық көрсету жолында бас қосты. Іс-шара барысында қарияларға сый-сияпат тарту етіліп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі сөздері жастарға үлгі ретінде айтылды. Мұндай қоғамдағы бірлік пен мейірімнің көрінісі болған игі шара 250 000 теңге көлемінде қаржыны құрады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: