#Шу: «Бірлікүстем» мешітінде түлектердің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті

#Шу: «Бірлікүстем» мешітінде түлектердің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлікүстем ауылындағы мешітте 1989 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен рухани мәні зор Мәуліт кеші ұйымдастырылды. Шара барысында мешіт имамы Аят Дыбысұлы Мәуліт оқып, жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өнегелі өмірі туралы уағыз-насихат айтты.

Мерекелік кеште сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, қатысушылар діни білімдерін сынап көрді. Артынша ақ дастархан жайылып, ас беріліп, Құран оқылды. Сонымен қатар ауыл жастары мен тұрғындары арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, шара мерекелік көңіл-күйде жалғасын тапты.

Бұл игі іс-шараға жалпы 460 000 теңге қаражат жұмсалды. Ізгі істің ұйытқысы болған 1989 жылғы ұл-қыздарға ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, Алланың разылығы болсын! деген ақ тілектерін айтты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: