Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылында орналасқан орталық мешітте жарық жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар аясында мешіттің ішкі және сыртқы бөліктеріне жаңа, энергия үнемдейтін жарық шамдары орнатылды.
Уақыт өте келе ескі шамдар жарық беру қабілетін жоғалтып, техникалық ақаулар орын алған болатын. Осыған байланысты мешіт әкімшілігі жамағаттың ұсыныстарын ескере отырып, жарық жүйесін толықтай жаңартуға шешім қабылдады. Нәтижесінде намаз залы, дәліздер, дәретхана, мешіт ауласы мен кіреберіс аймақтар жарықпен толық қамтамасыз етілді.
Аталған игі іске ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер де қолдау білдіріп, материалдық және қаржылай көмек көрсетті. Осындай бірлескен әрекеттің арқасында мешіт жамағаты үшін жайлы әрі жарық орта қалыптасты.
Мешіт имамы мен ұжымы көмек қолын созған барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, бұл сауапты істің көпке үлгі болатынын атап өтті. Жаңартылған жарық жүйесі құлшылық ордасының рухани келбетін арттырып қана қоймай, жамағатқа жайлылық сыйлады.
Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі