#Мойынқұм аудандық мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

#Мойынқұм аудандық мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы орталық мешітте қасиетті Мәуліт мерекесіне арналған рухани іс - шара ұйымдастырылды. Аталған кешке мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары, жастар мен ақсақалдар қатысты. Іс - шараға Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай арнайы қатысып, жиналған қауымға әсерлі уағыз - насихат айтты.

Мәуліт - адамзаттың ардақты пайғамбары Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) дүниеге келген айы. Бұл -  барша мұсылман қауымы үшін ұлық әрі рухани маңызы зор кезең. Кеш барысында Мәуліт жыры оқылып, салауаттар айтылды. Имамдар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезі, өмір жолы мен үмбетіне қалдырған өнегесі туралы тағылымды әңгімелер өрбітті.

Бас имам Ержан Көшкімбай өз сөзінде: «Мәуліт - Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) еске алып қана қоймай, оның сүннетін өмірімізге үлгі етуге, көркем мінезін бойымызға сіңіруге шақыратын рухани мүмкіндік. Бұл -   жамағаттың иманын жаңғыртып, жүректерді жұмсартатын берекелі        уақыт», – деп атап өтті.

Іс-шара соңында жамағат елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасап, мешіт ұжымы тарапынан жайылған дастарханнан дәм татты. Қатысушылар рухани кештен үлкен әсер алып,  мешіттен көтеріңкі көңіл - күймен тарқасты. Мұндай игі іс - шаралар аудан мешіттерінде дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді.

Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: