Мойынқұм: Мешіттің тазалығы - иманның айнасы

Мойынқұм: Мешіттің тазалығы - иманның айнасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Жексенбай ата мешітінде сенбілік ұйымдастырылып, мешіттің ішкі және сыртқы аумағы түгелдей тазаланды. Бұл шара мешіт қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының бірлесе атсалысуымен өтті. Барлығы киелі мекеннің таза әрі жайлы болуы үшін өз үлесін қосты.

«Таза жер  -  берекенің басы» дегендей, сенбілік барысында әрбір адам мешіттің тазалығы мен ұқыптылығына ерекше көңіл бөлді. Бас имам қатысушыларға алғыс айтып, мешітті таза ұстау - тек сыртқы ғана емес, рухани борыш екендігін жеткізді. Мешіт -  қауымның рухани орталығы, сондықтан оның тазалығы мен тәртібі әрқашан жоғары деңгейде болуы тиіс. Сенбілік барысында мешіт ауласы қоқыстан тазарылып, гүлзарлар күтіп – бапталды, шөптер алынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл шара мешіттің киелі орын екенін, оны әрдайым таза ұстау қажеттігін тағы да еске салды. Сонымен бірге, мұндай іс - шаралар тұрғындардың бірлігін нығайтып, қоғамдағы татулық пен ынтымақты арттырады.

«Тазалық  - денсаулық кепілі» дегендей, сенбілік - тек тазалық үшін ғана емес, сондай - ақ рухани жаңару мен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі. Осындай ұжымдық еңбек мешіттің беделін арттырып, оның қызметінің сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Алдағы уақытта да мешіт ұжымы мен жергілікті тұрғындар осындай игі бастамаларды тұрақты түрде жалғастыруға ниетті екенін білдірді. Өйткені таза әрі көркем мешіт  - халықтың рухани өмірінің, мәдениеті мен бірлігінің айғағы.

Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: