Мойынқұм: Таза ұя - пәк жүректің айғағы

Мойынқұм: Таза ұя - пәк жүректің айғағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұланбел ауылы, Ұланбел мешітінде сенбілік ұйымдастырылды. Мешіт қызметкерлері мен ауыл тұрғындары бірлесе отырып, киелі орынның тазалығы мен әсемдігін қамтамасыз ету үшін жұмыла еңбек етті. Бұл игі шара -  рухани тазалық пен қоғамдағы берекенің бастауы.

Алла Тағала Құран Кәрімде: « Шын мәнінде, Алла таза нәрселерді жақсы көреді»  ( Әнғам сүресі, 141 - аят) деп, тазалықтың маңыздылығын ерекше атап өткен. Сондай-  ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: «Рухани тазалық дененің тазалығымен басталады» деген.

Бұл сенбілік  - тек қана физикалық тазалық емес, жүрек тазалығын да нығайтуға бағытталған. Мешіт ауласында қоқыстар жинақталып, гүлзарлар күтіп  -бапталып, әрбір бұрышта тазалық пен тәртіп орнатылды.

«Таза ұя – пәк жүректің айғағы» деп айтылғандай, тазалық – біздің иманымыздың көрінісі. Мешіттің әрбір бұрышы мұсылман қауымының бірлігін, жауапкершілігін көрсетеді.

Алдағы уақытта да Ұланбел ауылының тұрғындары мен мешіт ұжымы осындай ұжымдық тазалық шараларын дәстүрге айналдырып, киелі орынның әрдайым таза әрі көркем болып қалуына барынша мән береді деп сенеміз.

Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: