Мойынқұм: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы уағыз айтылды

Мойынқұм: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарабөгет ауылы Қарабөгет мешітінде Мойынқұм ауданы бас имамы Ержан Көшкімбайдың басшылығымен Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с туралы рухани уағыз жүргізілді.  Бұл уағызда Пайғамбарымыздың өмірі мен қызметі, оның адамзатқа берген ақыл - кеңестері жан  - жақты талқыланды.

Имам Ержан Көшкімбай Пайғамбарымыздың адамгершілік қасиеттеріне, оның әділдігі мен сабырлылығына ерекше тоқталды. Пайғамбарымыздың мейірімділігі мен адамзатқа деген қамқорлығы  - әрбір мұсылман үшін үлгі. Сонымен қатар, оның сүннеті мен хадистері қазіргі заманның рухани мәселелерін шешудің қайнар көзі екені түсіндірілді.

«Әрбір жақсы іс  - сауапқа, әрбір ізгі сөз  - жүрекке шипа» екенін еске салған бас имам, Пайғамбарымыздың тәлімінен туындайтын имандылық пен қайырымдылықты нығайту қажеттігін айтты. Ол уағызында Пайғамбарымыздың өмір жолы - рухани тазалық пен ізгілікке бастар жол екенін және оның сүннетін ұстану арқылы әрбір адамның жан - дүниесі байитынын ерекше атап көрсетті.

Жиналған жамағат имандылыққа, сабырлылыққа және бір - біріне деген мейірімділікке шақырылды. Уағыз барысында Пайғамбарымыздың адамгершілік құндылықтарын ұстану қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге де жол ашатыны айтылды.

Бұл рухани шара мешіт жамағатының жүрегінде иман мен ізгілік сезімдерін одан әрі арттырып, олардың рухани өмірін байытты. Қарабөгет ауылының тұрғындары осындай уағыздар арқылы өздерін рухани жаңартып, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін үлгі етуге ниетті екенін көрсетті.

Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: