Мойынқұм: "Қарабөгет" мешітінде Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті

Мойынқұм: "Қарабөгет" мешітінде Мәуліт мерекесі кеңінен аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Қарабөгет ауылындағы Қарабөгет мешітінде қасиетті Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш ұйымдастырылды. Ислам әлемінде аса маңызға ие бұл мереке - адамзаттың ардақты пайғамбары Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан мәуелі мәуліті.

Ауыл мешітінде өткен рухани іс - шараға жергілікті жамағат, ауыл ақсақалдары, жастар мен тұрғындар жиналды . Мешіт имамы шараны ашып, жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолына, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған өнегесіне тоқталып, оны үлгі тұтудың бүгінгі күн үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Кеш барысында арнайы Мәуліт жырлары оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Жиналған жамағат ерекше рухани күйге      бөленіп, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) үмметі болудың жауапкершілігін сезіне түсті. Сонымен қатар, уағыз - насихат арқылы исламның адамгершілікке, сабыр мен кешірімге, татулық пен ынтымаққа негізделген құндылықтары кеңінен түсіндірілді.

Мәуліт кешінің соңында мешіт ұжымы тарапынан жиналған қауымға арнап дастархан жайылып, дәм ұсынылды. Ақсақалдар мен ауыл қариялары ақ батасын беріп, елдің амандығын, жастардың иманды болуын тіледі.

Қарабөгет мешітінде өткен бұл игі шара -  ауыл тұрғындарының рухани тұрғыдан жаңғырып, бірлік пен бауырмалдыққа негізделген өмір сүру салтын насихаттауға бағытталған әсерлі басқосу болды. Мұндай іс - шаралар ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу мен діни сауаттылықты арттыру жолында үлкен маңызға ие.

Мойынқұм ауданының баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: