Аудандық "Бәйдібек" мешітінің жанындағы ДСАК ұстазы Жайна Бекназарова, шәкірттерімен бірге 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесін атап өтті. Әз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.): «Қарттың қасында береке бар» деген хадисі аясында арнайы қарияларға мерекелік дастархан жайып, сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.
Мерекелік құттықтау барысында: «Аяулы әжелеріміз! Алла Тағала қарты бар үйді – қазыналы үй дейді. Сіздер үй ғана емес сонымен қатар мешіттеріміздің көркі болып табыласыздар. Раббымыз қартқа рақымы түсіп қарайды екен. Қарттың аузы дұғалы болады. Сол дұға тілектеріңізді Алла қабыл алсын!» деді Жайна ұстаз.
Қазыналы қарияларымыз әрқашан да елді бірлік пен ынтымаққа, адал еңбекке бастап отырған. Алла Тағала әрдайым үлкендердің батасын алып, бақытты ғұмыр кешуді жазғай!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі