Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген "Заң мен тәртіп - әділ қоғам" атты ардагерлер форумына қатысып, "Діннің қоғамдағы рөлі" тақырыбында баяндама оқыды.
Форум аясында түрлі сала өкілдері құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.
Білім беру ұйымдарының оқушылары мен мұғалімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері және жастар қатысқан шарада Бас имам жастарды жат әдеттерден, әсіресе есірткі сынды қоғам үшін аса қауіпті дерттің де дінімізде тиым салынғандығын ескертіп, аулақ болуға шақырды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі