Бірлесу Еңбек ауылы, "Бірлесу Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбеков қоғамдағы осал топтағы отбасыларға ет таратып, ризашылықтарын алды. Біреудің мұң-мұқтажын өтеу, оны басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету. Ойлаған адамға бұдан асқан бақыт, бұдан асқан имани ләззат бар ма?!
Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Олай болса, әрқашан жақсылық жасап, жылу сыйлап, көңіл көтеріп, мерейін асырып, нұрын тасытатын қуанышты хабарларымыз көп болсын!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі