Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа "Мүлікті уақып ету - сарқылмас сауапқа себеп амал" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Сарқылмас сауап - садақа жарияның маңыздылығына тоқтала келе, имам: "Уақып сөздікте «ұстау» деген мағынаны білдірсе, ал, терминдік мағынасы: «Белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану».
Уақыптың үкімі - Құран және Әз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисімен, сонымен қатар Ислам ғұламаларының бір ауыздан келісуімен бекітілген. Құранда уақып жалпы мағынада келген, мал-дүниеден болған пайданы Алла Тағаланың жолында жұмсау деген сөз" деп ашықтап өтті. Уағыз-насихат соңында жамағат сұрақтарын сұрап, имам жауап беріп қорытындылады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі