ЖАМБЫЛ: КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тоғызтарау ауылы, "Тоғызтарау" мешітінің ұйымдастыруымен кіші аяқ добынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты, жастарды ептілік, икемділік, шапшаңдық қасиеттерін, жауапкершілігін дамыту, тез шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жеңіске деген ынта жігерін ояту және ауызбіршілікке тәрбиелеу. Матчқа алты команда қатысып, матч әрқайсысы 10 минуттан екі таймға созылды. Тайм арасындағы үзіліс 5 минут болды.

Ойынның нәтижесінде екі команда финалға шығып, пенальти теуіп жеңімпазды анықтады. Командаларға ақшалай сыйлықтар мен қатысқандарға марапат қағаздары берілді. 

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: