Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Адам кімді бәрінен артық жақсы көрсе, қиямет күні сонымен бірге болады», – деген. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) Пайғамбарымыздың дүниеге келу құрметіне аталып өтетін Мәуліт мерекесінде үмбеттің жүрегінде Елшіге деген сүйіспеншілік арта түседі.
Құран Кәрімде Ахзаб сүресінде Алла Тағала: «Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық» – деп, Пайғамбарымызды өзімізден де артық жақсы көру керектігін ескерткен. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданында аудан бас имамы Егізбаев Әлмұханбеттің ұйымдастыруымен «Берекет сыры» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Кеш Құран аяттарымен ашылып, ақсақалдар мен облыс имамының батасымен басталды. Қонақтар қатарында «Асыл мұра» өнер орталығы, Шымкент қаласының «Жастар театры» өнер көрсетті. Сондай-ақ ауданымыздың тумасы Бекзат Сәкенұлы кеш жүргізушісі болып, жыршы-термеші Тәттімбет Керей сахнада өнер көрсетті. Шара барысында «Мәуліт» жыры оқылып, ғибратты көріністер мен сахналық қойылымдар ұсынылды.
Көрермендер рухани кештен зор әсер алып, шынайы ризашылықтарын білдірді. Алла Тағала баршамызға келесі «Мәулітке» аман-есен жетуді, Елшісіне деген махаббатымызды арттыруды, екі дүниеде де бақытқа қауышуды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызмет